Демалыс уақытында серуенді өткізу әдістемесі
- балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру;
- өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру;
- еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау;
- сабақтар, іс-тәжәрибелерді өткізу;
Барлық шаралардың мағынасын түсіңдіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады – өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкенді гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың бөлмелеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процессінде балалар пайдалы дағдылырды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландыралады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиян екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгіле мынандай дидактикалық ойындар өткізу қажет: «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».
Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыданда қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мындай тапсырма беріледі: күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т.б. туралы әңгімелеу.
Қыс бойынша балалар қанатты достарына байқау жасап, оларға жем шашып, тамақтандырып отырады. Ол үшін күзде көптеген дәндер жинайды.
Көктемде балалар құстардың келуін тамашалайды және олардың қылықтарын бақылайды, олардың ұя салуларына толық мүмкіндік жасайды. Серуенде құстардың әндерін тыңдауға, олардың сыртқы түрлеріне қызыға қарауға кеңес беріледі, содан соң, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, үнтаспалар тыңдау жүргізіледі, видеофильмдер көрсетіледі.
Су тоғандарын ластауға болмайтындығын, онда балықтар, көлбақалар, яғни, тірі жәндіктердің өліп қалатыны айтып түсіндіріледі.
Көктемгі, жазғы, күзгі мерзімдерге құмырсқаның илеуіне байқау жасау тиімді. Әр мерзімдегі олардың төбешік үйшіктерін салыстырып түсіндіру қажет, яғни, жәндіктер орманды қорғауға көмектеседі. Сол үшін де олары «орман тазалықшылары» деп атайды.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы балалардың ой-өрісін кеңейту үшін, әдістеме кабинетінде табиғат туралы, жанрлары жөнінен әртүрлі кітаптар, бейнелеу өнерінің шығармалары, табиғи материалдардың үлгілері жинақталған. Ересек адамның маусымдық еңбегімен таныстыру бойынша іс-шаралар бір мезгілде жоспарланады. Ең бастысы балалар адамның еңбегі айналаны қоршаған табиғатпен тығыз байланысты екендінгін түсіндіру тиіс.
Табиғатқа саяхаттар ұйымдастырылады, онда балалар көктемнің шуақты болып жатқан тамаша құбылыстарды, яғни, қар еріп. сай-салаға құйылып жатқан суларды, жазда жайқалып пісіп тұрған жеміс жидекткрді, айналадағы көк шөптер, күзде айнала басқа түске еніп жапырақтардың сарғайып түсе бастағанын өздері байқайды, орман ішіндегі саңырауқұлақтардың жеуге жарамды, жарамсызын қалай айыруға болатынын өз көздерімен көреді.
Қыста биік-биік қарлардың қызықтарына тоймайды, шана, шаңғы тебу оларды қайдан жалықтырсын. Бұлардың барлығы балалар әңгіме құрастырғанда ұшқыр қиялдарын дамытады, шығармашылық суреттер үшін қажетті материал болып саналады. Ой-өрісі дамиды., сөздік өоры молаюына негіз болады.
Табиғатты қорғау, оған аяушылықпен қарап, қамқорлық жасауға үйрету тәрбиесі, ата-аналардың белсенді қатысуынсыз өтуі мүмкін емес. Көктемгі кезенде біз ата-аналарды құстардың үйшіктерін, асханаларын жаналауға шақырамыз. Сенбілікті кезенде де балабақша учаскесінде ағаштар отырғызғанда, балалармен бірге, белсенді түрде қатысып отырады.