С.Сейфулиннің 130 жылдығына орай 11«Б» сынып оқушыларымен «Көкшетау» поэмасына байланысты іс-шара

Дата: 2024-10-22 22:59:35

Қазан айының 15 жұлдызында Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Қанатова Б.Е және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.Р. Сыздыкованың ұйымдастырумен «Оқуға құштар мектеп» аясында С.Сейфулиннің 130 жылдығына орай 11«Б» сынып оқушыларымен «Көкшетау» поэмасына байланысты іс-шара өткізілді. Оқушылар С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері және үзінді жаттап, викториналық сұрақтарға жақсы жауап беріп, өз ойларын жеткізе білді. Сәкен С шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Оқушылар жазушының тәлім-тәрбиесінен, бойларына күш-қуат, патриоттық сезім ұялата білді. Сәкен сияқты өр тұлғалы, қайсар рухты шәкірттеріміз көп болсын.