Ұстаздар күні

Дата: 2024-10-22 22:47:43

Ұстаздар күні – барша ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке. Ұстаз – өскелең ұрпақтың тәрбиешісі, болашақтың бағдаршамы.
3 қазан күні Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі және Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен "Ұстаз - ұлт келбеті" мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада қала әкімі, білім бөлімінің басшысы қала мектептерінің бірқатар ұстаздарын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамоталарымен, Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттады. Марапат алған ұстаздардың қатарында мектебіміздің ұстаздары да бар:
1. Султанова Елена Анатольевна
2.Ничипуренко Елена Викторовна
3.Ажибаева Самал Галиевна
Сондай-ақ, "The Ulytau Educational Foundation" қоғамдық қорымен ынтымақтастық шеңберінде өткен конкурстық іріктеудің жеңімпазы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің директоры Алишева Шынаргуль Амангельдиновнаға Ұлыбритания мемлекеті, Норвич қаласында біліктіліктен өтуге сертификат табысталды. Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!


Ұстаздарымызға деген шынайы алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге береке, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын!