Ұстаздар күні

Дата: 2024-10-22 22:08:19
Ұстаздар күні – әлемдегі ең қадірлі, мыңжылдықтар бойы ұстаздық пен жетекшіліктің тарихын жалғастырып келе жатқан жауапты және құрметті кәсіп иелерінің мерекесі. Ұстаздар күні – бұл білімнің бастауы саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Ұстаздар – білім мен бағыт-бағдар беретін, әрбір адамның арман-мақсаттарына жету жолында қолдау көрсететін тұлғалар. 
3 қазан күні Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен "Ұстаз - ұлт келбеті" мерекелік іс-шарасы өткізілді. 
Мереке қарсаңында мектебіміздің ұстаздары еңбегі, шығармашылығы мен адалдығы үшін лайықты алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын алды:
1. Ким Елена Олеговна
2. Абышова Нурбиби Ибрахимовна
3. Джанадилова Жазира Болатбековна
Ұстаздарға алғыс айту – болашақ ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Бүгінгі ұрпақ сіздерден білім алып, ертеңгі күннің көшбасшысы болады. Сондықтан ұстаздарымыздың еңбектеріңіз аса зор маңызға ие. Ұстаздарымызға мереке күні "Мол игілік пен береке тілей отырып, әрдайым шабыттандырып, білім нәрімен сусындата беріңіздер" дегіміз келеді.