Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Дата: 2023-05-12 08:46:58
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

9 сынып оқушылар  арасында ( 93 оқушы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күреске арналған жиын «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Мектеп – лицей  директоры Ш.А. Алишева кездесу барысында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық бойынша жалпы мәселелері талқыланды.  Арнайы ұсынылған бейнероликте Азамат Есжанов туралы  оқушылармен сыбайлас жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсерлерін баяндалды.

Сонымен қатар осы күні 04.05.2023 ж. жоспар бойынша  8 сынып оқушыларына да (85 оқушы ) арнайы ұсынылған бейнероликте Азамат Есжанов туралы  мәлімет алды.

 Оқушыларға жемқорлықтың қайғылы салдарын көрсететін арнайы дайындалған әлеуметтік роликтер көрсетілді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті әркім бірінші кезекте өзінен бастау керектігі, ал жемқорлыққа итермелейтін жағдайлар орын алғанда құзыретті органдарға бірден хабарлау қажеттігі түсіндірілді.