Өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет.

Дата: 2023-02-02 00:58:12
Өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет.

Өткеннен қалған тарихи-мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Ал тәрбие құралы ретінде музей жұмыстарын да қолдануға болады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында қалалық музейде "Алаш және Тәуелсіздік мұрасы" атты көрмеге 8 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге экскурсияға барды. Музей қызметкері желтоқсан оқиғасы туралы айтып, тарихи суреттермен таныстырды. Балалар осы көрмеден жақсы әсер алып қайтты.