XIV Президенттік олимпиада
Дата: 2022-11-14 16:01:59
2022 жылдың 12 қазанында Қарағанды қаласындағы «Ustudy» ұлттық тестілеу орталығының базасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 11 сыныптар арасында XIV Президенттік олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдай жасау болып табылады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің оқушы Павлова Анастасия - III жүлделі орынға «Физика»пәні бойынша ие болды.