Размер шрифта:

«Тіл - парасат» қалалық байқауы

Дата: 2022-11-14 16:41:27
«Тіл - парасат» қалалық байқауы
Құрметті достар, өте керемет жаңалық!
2022 жылғы 11 қарашасында ұлты орыс балаларының арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» қалалық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар қазақ тілінде шығарма жазып,лексика – грамматикалық тест тапсырмаларын орындаса, 2- кезеңде тыңдалым,3 – кезеңде айтылым тапсырмалары болды. Осы байқауға «Ә.Ермеков атындағы мектеп - лицейінің» КММ 10 «А» сынып оқушылары Гончаров Иван (1 орын), Калмыкова Милена (3 орын) үздік білім деңгейлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.Гончаров Иван мемлекеттік тілде ұйымдастырылып – өтетін қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейлердегі барлық іс –шараларға қатысып,тілге сүйіспеншілігін, құрметін,қызығушылығын жүлделі орындар иеленуінің дәлелі ретінде көрсете білетін оқушылардың бірі.