Тамыз конференциясына қатысамыз!

Дата: 2022-08-17 16:29:20
Тамыз конференциясына қатысамыз!
Екі апта бойы Республика педагогтары үшін тамыз конференциясы шеңберінде білім беру жүйесінің ең өзекті тақырыптары бойынша пікірталас алаңдары мен әдістемелік шеберханалар өтуде.
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарының білім беру басқармалары мен әдістемелік қызметтерінің өкілдері, педагогтары, тәрбиешілері мен білім беру ұйымдарының басшылары жаңа оқу жылы қарсаңындағы соңғы штрихтарды, білім беру жүйесін жаңғырту, ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері, сондай-ақ бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру мәселелерін талқылайды.
Конференция бағдарламасында білім беру ұйымдарындағы тәрбие ортасын жетілдіру, зияткерлік дарынды балаларды анықтау және қолдау, инклюзивті білім беруді дамытудың және облыста үздіксіз білім беру жүйесін іске асырудың өзекті бағыттары бойынша тақырыптық алаңдардың жұмысы қарастырылған.
 Қарағанды облысында педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды