Жадырап жаз келді...

Дата: 2022-07-13 08:08:17
Жадырап жаз келді...
Балалар демалысы қалай өтіп жатыр?
 
Әне-міне дегенше, жайдары жаз да келіп қалды. Жаздың келуіне бала­лар­дың қуанатын жөні бөлек. Өйткені қашанда жаз маусымы дема­лы­сы­мен қызықты. Сондықтан елімізде оқушылардың жазғы демалы­сын пайдалы ұйымдастыру дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Білім мекеме­лері үшін каникул мезгілі де үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлшегі саналады. Ал біздің мектептің оқушылары жазғы демалыстарын барлық жағынан тиімді өткізуге тырысуда.