1 сыныпқа қабылдау

Дата: 2022-07-12 13:45:06
1 сыныпқа қабылдау
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 30 бабы 2 тармағына сәйкес мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық  мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1. Баланың ата-анасынан  өтініш;
2. Баланың ата-анасының немесе заңды өкілінен жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысан;
5. Баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6. Психологиялық – медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы( ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін).
Өңірлер бойынша мектепалды даярлық сыныптарына қабылдау туралы  ақпарат  аудандық және қалалық білім бөлімдерінің сайттарынан  көруге болады.
 
https://www.facebook.com/100006443137503/posts/pfbid02ykgNa2TchshFhErhLZ8JPwfQ6zkvuy1JAP6fhQYe7TzmnRyLZJR5Coqkdr5TFA5nl/