Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы есеп және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

Дата: 2022-06-08 19:41:44
Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы есеп және
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
Бүгін 4-сыныптарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "өткеннен болашаққа" атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты-Отанымыздың бүгіні мен өткеніне деген қызығушылықты ояту, оқушылардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Оқушылар өзара командалардың сәлемдесуі, Қазақстан табиғаты, Мемлекеттік рәміздер, Мемлекеттік тілді білу, қазақ халқының салт-дәстүрлері байқауларында жарысты. I орынды 4 Д сынып оқушылары, II орынды 4 А және III орынды 4 Б сынып оқушылары иеленді.