Размер шрифта:

Жұмыс жоспары

Дата: 2022-06-08 17:52:23

"Шеберлер әлеміне саяхат" атты эстетикалық сауаттылық апталығы аясында ағымдағы жылдың 11 қазанында "өнер әлеміне саяхат", "өнердегі жаңа бағыттар"тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушыларды өнердегі негізгі бағыттармен таныстыру, эстетикалық тәрбие арқылы талғамға баулу. Оқушылар бағыттар туралы әңгімелесті, жастар субмәдениеті, оның өнерге қатысы бар-жоғы туралы пікірталас өткізді. Рефлексия түрінде олар әр түрлі бағытта өз суреттерін жасады.