"Өнегелі өмір" облыстық жобасын іске асыру бойынша есеп

Дата: 2022-06-08 17:14:48
"Өнегелі өмір" ерте кәсіптік бағдарлау жобасының жетекші идеясы қазіргі заманғы инновациялық технологияларды ескере отырып, 7-11 сынып білім алушыларының ерте кәсіптік бағдарлау жүйесін әзірлеу, енгізу, қолдану және сүйемелдеу, өмір бойы білім алу құндылықтарын түсінуді қалыптастыру болып табылады. Қазіргі әлемде болашақ кәсіби қызметтегі нақты мақсаттарды білу қажет.
 
Жобаның негізгі мақсаты білім алушыларды жеке мүдделерін, қоғамдық қажеттіліктерді және еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыратын мамандықты негізделген жетілген таңдауға дайындау болып табылады.