Экологиялық акция

Дата: 2022-05-19 18:05:05
Экологиялық акция

"Бірге – таза Қазақстан" жалпыреспубликалық экологиялық акциясы,"Мен өз қаламды сүйемін " экологиялық акциясы және "Жасыл Қазақстан" экологиялық апталығын өткізу аясында Ә.Ермеков атындағы мектеп КММ педагогтары мен оқушылары экологиялық сенбілікке шықты. Оған 55 мұғалім және 385 жоғары және орта сынып оқушылары қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге көшет отырғызды. Қалған оқушылар сынып жетекшілерімен бірге бұрын отырғызылған көшеттерді суаруды және күтуді ұйымдастырды.