Жыл бастауы – Наурыз!

Дата: 2022-03-14 15:09:48
Жыл бастауы – Наурыз! Күллі түркі халықтарының арасында бұл мереке – көктемнің келіп, жаңа жылдың басталғанын білдіреді.
 
Наурыз айы басталысымен әр күнге атау беріліп, оның мән-маңызы жастарға түсіндірілген.
 
«Қауышу күні» — Еліміздің батыс өңірлерінде бұл күні «көрісу» амалы жасалады. Шығыста «амал көже», «тілеу көже» ұғымдары бар. Наурыз мейрамы туралы көне жазбаларда да бұл күні адамдардың бір-біріне сәлем бере барғаны айтылады (14 наурыз).