Ақпараттық сауаттылық апталығы

Дата: 2022-02-02 13:08:31
Ақпараттық сауаттылық апталығы
Облыстық "Зейін" жобасын жүзеге асыру және ақпараттық сауаттылық апталығын өткізу аясында 2 ақпанда 9 сыныптарда "Бір өлшемді массивтер" ойын-сабағы өтті.
Әр сынып үш топқа бөлініп, массивтермен интерактивті тапсырмаларды қолдана отырып тапсырмалар орындады. Әр командада комментатор, спикер және талдаушы таңдалды. Балалар бір өлшемді массив элементтері бар есепті шешуге арналған әрекеттер алгоритмін талқылады, Python бағдарламалау ортасында компьютерге бағдарламалық кодты енгізді және жұмыс нәтижелерін көрсетті. Әр команда өз идеялары мен шығармашылық шешімдерімен ерекшеленді.