Құрметті достар! Бізде керемет жаңалық бар!

Дата: 2022-01-26 17:03:00
Құрметті достар! Бізде керемет жаңалық бар! Қазақ халқының ұлы перзентінің құрметіне Балқаш қаласының № 17 мектеп-лицейіне Әлімхан Ермековтың есімі берілді . Әлімхан Әбеуұлы Ермеков-қазақтың тұңғыш математигі, профессор, Қазақ тіліндегі Жоғары математика оқулығының авторы.
Айтулы оқиға аясында 29 қаңтар күні сағат 10-да Әлімхан Ермеков атындағы математика пәні бойынша Аймақтық олимпиада өткізіледі.  Әлімхан Ермеков атындағы математика пәні бойынша Өңірлік олимпиаданың ұйымдастырушысы Балқаш қаласының білім беру бөлімінің және "Зияткер-2050" әлеуметтік серіктесінің қолдауымен 17 мектеп-лицейі болып табылады.  
Әлімхан Ермеков атындағы аймақтық математика олимпиадасына Балқаш қаласы колледждерінің 1 және 2 курс студенттері, жалпы білім беретін және инновациялық мектептердің 8-11 сыныптарынан, барлығы 82 жас математик қатысады. 
Әлімхан Ермеков атындағы математика пәні бойынша аймақтық олимпиада прокторинг жүйесін пайдалана отырып, Oqylyk.kz платформасында өтеді. Бұл  олимпиаданы өткізудің адалдығын, объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді.
Әлімхан Ермеков атындағы математика пәні бойынша аймақтық олимпиаданың тапсырмалары Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының профессорлары, математика ғылымдарының магистрлерімен құрастырылған. Жеңімпаздар автоматты түрде анықталады.
95-100 ұпай-1 жүлделі орын
90-95 ұпай-2 жүлделі орын
85-90 ұпай-3 жүлделі орын
Жеңімпаздар әр параллель бойынша естелік сыйлықтармен марапатталады.
Құрметті қатысушы! Әлімхан Әбеуұлы Ермеков баяндалған білім бұлжымас ақиқатты білдірмейтінін үнемі айтып отыратын.
Білім + әрекет=сәттілік!
Мақсатқа ұмтыл! Жеңімпаз бол!