Тамыз конференциясына қатысамыз!
Дата: 2021-08-13 14:45:30
Жаңа 2021-2022 оқу жылы қарсаңында білім беру процесін сапалы жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 12 тамызда математика пәні мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясы өтті.
Аталған конференцияда келесі тақырыптар қарастырылды:
- пән аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сабақтарда математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары қарастырылды, сондай-ақ математикалық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту бойынша мұғалімдерге әдістемелік ұсынымдар ұсынылды;
- ағымдағы және қорытынды бағалаудың форматы мен мазмұны;
- "Назарбаев Зияткерлік мектептері" пән мұғалімдері мен жалпы білім беретін мектептердің "Комбинаториканың негізгі элементтері"тақырыбында мастер-класстар өткізді;
-жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Осы тамыз конференциясы біз үшін жаңа кәсіби идеялардың, жаңа практикалардың бастауы болды.