21 маусым мен 23 маусым аралығында Балқаш қаласының бір топ педагогтары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ПШО "Қазақмыс" корпорациясы"ЖШС-мен бірлескен жобасы аясында білім беру турына қатысты. Бұл турға біздің мектептен бастауыш сынып мұғалімі С.А.

Дата: 2021-08-06 14:36:48
21 маусым мен 23 маусым аралығында Балқаш қаласының бір топ педагогтары

21 маусым мен 23 маусым аралығында Балқаш қаласының бір топ педагогтары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ПШО "Қазақмыс" корпорациясы"ЖШС-мен бірлескен жобасы аясында білім беру турына қатысты. Бұл турға біздің мектептен бастауыш сынып мұғалімі С.А. Айнекова қатысты. Педагогтар Қазақстанның үздік жаттықтырушыларынан тәлім алды, көлденең және тік оқыту туралы білді, саралау және оқытудың белсенді әдістері бойынша білімдерін жаңартты. Білім беру туры мұғалімдерді өнімді қызметке, өз жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге бағыттады. Педагогикалық тур педагогтардың біліктілігін арттыру міндеттерін шешіп қана қоймай, елорданың жетекші мектептерінің тәжірибесімен таныстырды. "Қазақмыс" корпорациясының арқасында мұғалімдер білімдерін әдістемелік жағынан ғана емес, мәдени жағынан да кеңейтті. Ұлттық мұражайларға, Опера театрына және елорданың басқа да көрікті жерлеріне бару ұмытылмас әсер қалдырды. "Қазақмыс" корпорациясының мыс алпауытына, ПШО-ға, Қарағанды облысының білім басқармасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағына сенеміз.