Республикалық олимпиадаға қатысу

Дата: 2021-02-23 15:14:30
Республикалық олимпиадаға қатысу

Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейінің  8 сынып оқушылары, қазақ тіліндегі Жоғары математика курсының бірінші оқулығының авторы, алғашқы қазақ профессоры Әлімхан Ермековтың 130 жылдығына арналған математика пәні бойынша бірінші облыстық олимпиадаға қатысты. Жарысты білім басқармасы мен балаларға арналған "Сарыарқа дарыны"өңірлік ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығы өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша 8 А сынып оқушысы Мұстафин Константин ІІІ дәрежелі дипломмен және "Технодом" дүкенінің сыйлық сертификатымен марапатталды . Құттықтаймыз!