Ағымдағы жылдың 8 ақпанында облыстық "Зейін" жобасы мен "Құқықтық навигатор" функционалдық сауаттылық апталығы аясында 4-сыныпта "Бала құқықтары әлемі"атты сынып сағаты өтті.
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында облыстық "Зейін" жобасы мен "Құқықтық навигатор" функционалдық сауаттылық апталығы аясында 4-сыныпта "Бала құқықтары әлемі"атты сынып сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында оқушылар Конвенцияға сәйкес баланың өміріне, денсаулығына, демалысы мен біліміне, зорлық-зомбылық пен қанаудан қорғауға құқықтары туралы білім алды. Іс-шара құқықтық білімді қалыптастыруға, толеранттылыққа, өз қадір-қасиетін сезінуге тәрбиелеуге бағытталған, өз құқықтарын іске асыруға, айналасындағылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға ықпал ететін этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларына оқушылардың назарын аударды.