"Асыл жүрек"фотокөрмесі

Date: 2021-01-27 16:34:33

"Өзін – өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы" ақпараттық кампаниясы аясында №17 мектеп-лицейінде "Асыл жүрек"фотокөрмесі өткізілді. Көрме қашықтықтан өткізілді, балалардың жұмыстары мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Аталған іс-шараға 1-8 сынып оқушылары қатысты.

Көрменің мақсаты: "Мейірімділік" ұғымын ашу және ұғыну, мейірімді болу әдетін дамыту, жағымды істер жасау, жақын адам туралы ойлау. Осылайша, біздің балалар өздерінің көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, жақсылық туралы өз көзқарастарымен бөлісті

Author: School №17