20 қаңтар 2021 ж. «ХХІ ғасыр -сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы аптасы аясында Балқаш қаласы № 17 мектеп – лицейінің 9 В сынып оқушыларымен «Сөз зерде» атты зияткерлік ойыны қашықтықтан өткізілді.

Date: 2021-01-20 16:19:50
20 қаңтар 2021 ж. «ХХІ ғасыр -сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы аптасы аясында Балқаш қаласы №  17 мектеп – лицейінің 9 В сынып оқушыларымен «Сөз зерде» атты зияткерлік ойыны қашықтықтан өткізілді.

20 қаңтар 2021 ж. «ХХІ ғасыр -сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы аптасы аясында Балқаш қаласы №  17 мектеп – лицейінің 9 В сынып оқушыларымен «Сөз зерде» атты зияткерлік ойыны қашықтықтан өткізілді. Зияткерлік ойынға 2 топ қатысып, 4 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады. «Сөз тапқанға...» кезеңінде ретсіз орналасқан тұрақты сөз тіркестерін дұрыс ретімен қойып, мағынасын ашты. Келесі «Білгенге маржан» кезеңінде топ мүшелері қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің атауларына кеңірек сипаттама беруге тырысты. «Бәйге» кезеңінде  топ басшылары сайысқа түсіп 10 сұраққа жауап берді. Сайыс соңында топтардың ұпайлары есептеліп, үздік топ анықталды.

Author: School №17