«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Дата: 2018-06-26 16:43:43
26.06.2018ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» және «Ою-өрнек түрлері» тақырыбында танымдық сабақтар ұйымдастырылды. Сайысқа «Достық»» тобының барлық балалары қатысты. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында балалар топпен әрі жұппен түрлі жұмбақтар мен ребустарды шешіп, денсаулыққа пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырды. Бұл танымдық жұмыстардың барлығы оқушыларға жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіріп қана қоймай, өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурулардың алдын алу жайлы түсінік қалыптастырды. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын ояту, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған танымдық сабақтың бірі «Ою-өрнек түрлері» деп аталды. Оқушыларға ою-өрнек түрлері мен еріктілігін дамыту туралы мәлімет беру арқылы басталған сабақ қолөнер туындысына ұласты. Балалар өз қолдарымен арқар мүйіз, түйе табан, қошқар мүйіз т.б. ою түрлерін жасап үйренді. Ою-өрнек түрлеріне, пайда болу тарихына тоқтала келе оқушыларға сабақ соңында оюлар жайлы жадынама қағаздары таратылды. Сабақ көңілді де тартымды өтті.