«Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі»

Дата: 2018-04-12 18:09:15

«Бала және оның құқығы» атты

«Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі» жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат

   «Бала және оның құқығы» атты он күндікаралығында іс –шаралар өтті. Мектеп- лицей психолгы Акшалова Ә.Т  3 сынып оқушыларымен «Бақытты балалық шақ»  атты тренинг өткізді.Мектеп – лицей  инспекторы Тулеева Ж 

5-6  сыныптарда  кеңес сабақтарын жүргізді. Мақсаты: балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, құқықтық көмек көрсету. 1 қабатта көрме  ұйымдастырылды. 

Оқушыларға бала кұқығы жайлы бейнероликтер көрсетілді.

7-11 сыныптарда өткізілген  «Сенім 111» бүкілқазақстандық сабақтың да маңызы зор болды. Балалар өзінің сұрақтарын қоя отырып, пікірлерімен бөлісті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.У.Тасимбеков кезекшілік кестесін құрып, балалардың құқықбұзушылығының алдын алу үшін түнгі рейд ұйымдастырды.  Белгіленген орындарда рейд жүргізілді, бос жүрген,құқық бұзған оқушылар болған жоқ.

 

«Көшбасшылар»  мектебінің бастауымен «Оқушы үні маңызды» атты сенім жәшігі ұйымдастырылып, оқушылардың пікірлері, ұсынысы жинақталды.