«Мектеп-лицейдегі жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықты алдын-алу»

Дата: 2017-10-14 05:22:59
«Мектеп-лицейдегі жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықты алдын-алу»

«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ

«Мектеп-лицейдегі жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықты алдын-алу» бағдарламасы бойынша ақпарат

26.09.2017 жылы мектеп қызметкерлерін «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықты алдын-алу» бағдарламасымен таныстырып, «Деструктивті мінез-құлықты алдын-алудағы мектеп рөлі»№1 дәріс оқылды.

Бағдарламаның тақырыбы:  «Колледждер мен мектептердегі жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидті алдын-алу» бағдарламасы

Бағдарламаны дайындағандар:БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ППжП РҒПО «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен» серіктестікте ҚР ДСӘДМ, ҚР БҒМ және ҚР ІІМ бірлескен бұйрығы шеңберінде дайындалған.

Бағдарламаның қатысушылары: 8-10 сынып оқушылары мен колледждің І курс студенттері.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

3 түрлі шаралар арқылы жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға және өзін-өзі бүлдіруші мінез-құлықтарының (аутодеструктивті, суицидалды) алдын алуына бағытталған:

1. Оқушылардың хабардарлығын арттыру: мектептер мен колледждердегі арнайы дайындықтан өткен психологтар оқушылардың психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, олардың мәселе шешу дағдыларын дамыту және  және керек болған жағдайларда психологиялық көмек сұрауға ынталандыруды көздейтін үш семинардан тұратын дәріс өткізеді. Үш семинар стандартты презентацияға негізделе отырып өткізіледі. Әр оқушыға семинарда қарастырылған мәселелерді, соның ішінде, қалай көмек алуға болатыны туралы ақпараты жинақтайтын кітапша беріледі болады. Дәл осы ақпарат алты плакат арқылы да көрсетілетін болады.

2. Мектеп және колледж қызметкерлерін оқыту (суицид «вахтерлерін» оқыту): мектеп/колледж қызметкерлеріне арналған, жағдайы мүшкіл оқушыларды немесе өзін-өзі бүлдіруші мінез-құлық қаупі жоғары топқа жатуы ықтимал оқушыларды анықтауға және осы оқушыларды көмекке жүгінуге көндіру үшін қажетті қолдау көрсетуге бағытталған семинарлар өткізіледі. Мектеп/колледж қызметкерлеріне семинарда қарастырылған мәселелерінің мазмұнын жинақтайтын және ішінде қызметтер көрсететін және кеңестер беретін мекемелермен байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық буклет берілетін болады.

3. Суицидтік мінез-құлық қаупі жоғары топқа жататын оқушыларды анықтау: психологиялық стресс жағдайындағы және суицидтік мінез-құлық қаупі жоғары топқа жататын оқушыларды жасөспірімдер өзі толтыратын сауалнама арқылы ерте анықтауға арналған бағдарлама.

Сауалнама нәтижелері негізінде жоғары дәрежеде суицидтік ойлары, депрессия және/немесе басқа психологиялық мәселелері бар оқушыларға мектеп/колледж психологымен сұхбаттасу (жартылай құрылымдалған сұхбат) ұсынылатын болады. Егер осы сұхбат нәтижесінде бала қосымша көмекке мұқтаж екені анықталса, психолог оның ата-анасына хабарлап, арнайы маманға жүгіну қажет екеніне көндіруге тырысады.

Сауалнама нысаны кәмелетке толмаған тұлғалар болғандықтан, осы сауалнамаға қатысу туралы ақпараттық келісім олардың заңды өкілдерінен (ата-аналарынан/қамқоршыларынан) алынады, балалардың өз еркімен қатысуы мен сауалнама құпиялығы қамтамасыз етілетін болады.

Суицид әрекеттерінің алдын алу бағдарламасы нәтижелі болуы қажет кезде бағыт-бағдар көрсетуге, бағалауға және емдеуге қажетті қор дайындау үшін денсаулық жүйесімен және қоғамдағы басқа ұйымдарымен бірге тиімді ынтымақтастық орнатылуына байланысты болады.

Бағдарлама кезеңдерін жүзеге асыру реттілігімен таныстырылды.