Емтиханға қалай дайындалу керек?
Емтиханға қалай дайындалу керек?
Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасамай, өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма. Жағдайдың қиындауын күтпе.
- емтиханға ға даярлықты ертрек баста;
- Егер күшің мен ойыңды жинақтау болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, сосын қиын материалдарды зерделеуге кіріс.
- Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.
Егер көзің талса:
МАБ - ға дайындық кезінде көзге үлкен күш түседі. Егер көзің талса ағзаңда шаршайды. МАБ тапсырмаларын орындауға күшің жетпеуі мүмкін. Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса;
- жоғары төмен кезек – кезек қара (25 сек); оңға – солға (15 сек);
- көзбен өз аты – жөніңді жаз;
- алыста тұрған затқа қара (20 сек), сосын алдыңдағы қағазға (20 сек) кезекпен қара.
- Көзбен квадрат, үшбұрыш сыз, алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта.
Күн тәртібі:
Күнді үш бөлікке бөл:
- 8 сағат МАБ - ға дайындал;
- Спортпен айналыс, таза ауада жүр, музыка тыңда;
- 8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.
- Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00 де және түстен кейін 16.00 де. Осы аралықта оқыған материалдар есте сақтауға тиімді уақыттар
Тамақтану:
- 3 – 4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек.
- Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарын пайдалан.
Сабаққа дайындалатын орын:
- өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр. Үстелге сары және сия тұсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл – көгілдір түстердің болғаны пайымдау жасағанда жақсы.
Материалды қалай есте сақтауға болады:
- ең бірінші есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды, дәлелділердің дұрыстығын тексер.
- Оқулықты оқи отырып, ең негізгі пікірлерді бөліп ал - бұл жауаптың тірек бөлімдері. Жауаптың жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жаз.
Есте сақтаудың тиімді түрлері
- Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс.
- Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.
- Бәріненде тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді.
- Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек.
- Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастағаның дұрыс.
- Ұйықтағанда адам есте сақтамаса да, ұмытпайды.
Жұмыс қабілетін сақтау шарттары
- Ой және дене еңбегін алмастыру керек;
- Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен тұру, тоңқалаң асу жаттығуларын көбірек жасау керек, бұл жаттығулар ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді.
- Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек. (кітаптан көзді алып, алысқа қарау керек).
- Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау керек
Ойлау қабілетін қалай дамыту керек
- Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.
- Ойлау қабілетің болмаса біліміңде болмайды.
- Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырасың.
- Білім көзі болып кітап, мектеп, теледидар, адамдар болып табылады. Олар заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді.
- Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады. Неге? Қалай? Оларға сұрақ және жауап бере біл.
- Ойлау қабілетін дамыту үшін затты, құбылысты жан – жақты тани, көре білу керек, жаңалықты бірден байқа.
- Заттардағы әр түрлі белгі, құбылыстардың арасын салыстыру, байқауда да ойлау қабілеті керек.