«Оң өзгеріс - тың ізденістің бастауы» магниттік мектептер үшін іс-тәжірибемен бөлісу семинары
2015 жылдың 18 желтоқсан күні Балқаш қаласының №15мектеп- лицейінде магниттік мектептер үшін іс-тәжірибемен бөлісу семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру,тәжірибемен алмасу, қолдау көрсету, ынтымақтастық орта құру, нәтижелі педагогикалық практиканы тарату, НЗМ тәжірибесімен таныстыру.
Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу – бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пән мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады. Семинарға қатысқан 4 магниттік мектептен 18 адам қатысты. Қатысқан мектептер:
- «Балқаш қаласының №2 Абай атындағы лицей»КММ ( 5адам)
- "С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясы"КММ ( 5адам)
- «Балқаш қаласының ЖББ № 8 орта мектебі» КММ ( 5адам)
- «Балқаш қаласының ЖББ №9 орта мектебі» КММ. ( 3адам)
Семинар бағдарламасы пікірлесу алаңынан басталды.
Модератор: мектеп –лицей директоры К.Ш.Дубирбекова «Білім беру тәжірибесін өзгерту –сапалы білімге бастар жол» тақырыбында «Білім беру мазмұнын жаңарту болашаққа бағдарлану – педагогтардың білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған. Қазіргі білім саласындағы тәжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру - оқушылардың білім беру бағдарын өз бетінше таңдауына, негіз бола алады. Ал, ұстаздар қауымының алдындағы міндет –осы мақсатты жүзеге асыруда аянбай еңбек етіп, іс-тәжірибе алмасу оны зерделей отырып, жаңа бағытта, жаңа көзқараста жұмыс істеу», -керек екендігін айтты.
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қоғамдастықтың рөлі» туралы директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары Туяков Е.К. «Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. Кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына қатысу бір елдің түкпір-түкпірінде және шет елде тұратын мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге, өзін іске асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді» - деп айта келе бүгінгі семинардың мақсатына тоқталды.
Семинар екі бөлімнен тұрды: І «Заманауи мұғалімнің құзыреттілігі: болашаққа бағытталған оқыту стратегиясы» бөлімінде 5 ашық сабақ өткізілді. Қатысушыларға таратылған сабаққа қатысу парағынан әр қатысушының пікірін біліп, қорытынды жасадық. Қатысушылардың пікірі бойынша, жоғары деңгейде 6 сыныптағы математика пәні бойынша «Айнымалы»сабағы өтті ,мұғалімі Малгаждарова Ә.И., жақсы өткен сабақтар: 5 сыныпта информатика пәнінен «Графикалық редактордың сурет салу құралдары», мұғалімі Тайжанова Т., 3 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Абай Құнанбаев «Қыс»,мұғалімі Қойшина Г.М.,6 сыныпта ағылшын тілі пәнінен өткен сыныптан тыс жұмыс «День Независимости», мұғалімі Гурьянова М.Г.
Сонымен қатар, орташа деңгейде өтті деп айтылған пікірлер де болды: ол 7 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Ақ Орда»,мұғалімі Ермағанбетова А.А.
ІІ «Мұғалімдерді кәсіби дамытудың тиімді моделін жүзеге асыру» бөлімінде коучингтер: «Кері байланыс – сабақ үдерісінің сапасын арттырудың ұтымды тәсілі»,коучтері :Джакупова З.А., Туяков Е.К , «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», коучтері :Жуманова Г.М., Сулейменова Ж «Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс» коучтері :Жакыпбекова М.Б., Мырзанбек Б «Дәстүрлі және өзгерген сабақтардағы тұлғаның дамуы», коучтері : Ахтанова Б.Б., Сатбек С.К «НЗМ ДББҰ-ның тәжірибесін тарату: бағалаудың түрлері» оқыту семинары өткізілді.
ІІ бөлімнен кейін кері байланыс жасау үшін пікірлесу алаңына жиналдық. Пікірлесу алаңында семинарға қатысушылар бағдарлама бойынша өткізілген сабақтар, коучингтер мен оқыту семинарының өту барысы жайлы өз ойларын ортаға салды, «Балқаш қаласының ЖББ № 8 орта мектебі» КММ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Шабленова Меруерт : «Осы кезге дейінгі ұйымдастырылған іс-шараларға негативті көзқараста болсам , ал бүгінгі семинардан кейін жаңа форматтағы бағалаудың түрлері мені қызықтырып, өз сабақтарымда критериалды бағалауды қолдансам»,- деген ойын айтты. Аталған мектептің география пәні мұғалімі Мұхаметжан Гулнар Советовна математика сабағында мұғалімнің 7 модульді ықпалдастыра отырып, Блум таксономиясының білім беру мақсаттарын басшылыққа ала білгендігін, қолданылған стратегияларының тиімді болғанын атап өтті. Мектебіміздің 3 деңгей мұғалімі Құтжанова Анар кері байланысқа бағалау дескрипторларын ұйымдастырды, қатысушылар әр түрлі түстер арқылы жоғары, жақсы , орташа деген баға беру арқылы өткізілген іс-шараларды бағалады.
Мектеп координаторлары: СадвокасоваА.Т СатеноваШ.Ш Жақыпбекова М.Б.