«Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау» тақырыбында коучинг сессия
Дата: 2015-11-27 07:18:43
Қараша айының 11 күні мектебімізде екінші деңгейлі курс аяқтаған мұғалімдер Джакупова З.А.,Жуманова Г.М.«Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау» тақырыбында коучинг сессия өткізді. Коучингке 14 мұғалім қатысты. Коучинг сессияны өткізудегі мақсаты мұғалімдерге өзін-өзі бағалау және өзара бағалаутуралы мағлұмат бере отырып, бағалауды іс-тәжірибеге енгізуге қолдау көрсету.Коучинг барысында мұғалімдер берілген тапсырмаларды жеке, жұппен, топта орындай отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі жайлы ақпарат алмасып, критерий мен дескриптор құрды , оны тапсырмалар орындауда қолданды.