Дарынды оқушылармен жүргізілетін ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Дата: 2026-09-24 10:13:04

Мақсаты:дарынды балаларды анықтау, олардың потенциалдық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасау.

 

Міндеттері:

- әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өз шығармашылық әлеуетін іске асыруға қабілетті дарынды балалар санын арттыру;

- дарынды балаларды әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

- дарынды балалар мен талантты жастарға білім беру кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- дарынды балалармен жұмыс бағыттарын бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы кеңінен тарату жүйесін жетілдіру.

 

Миссиясы:Кәсіп түрін саналы таңдауға дайын, өзгермелі қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі тұлға қалыптастыру.

 

Мектеп-лицей моделі:қоғамның сұранысын, кең көлемде ойлай білетін, коммуникабельді, ақпаратты білімге айналдыра алатын бәсекеге қабілетті табысты тұлға.