«ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ»
Дата: 2026-09-14 09:59:41
«ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ» Қазақстан халқының Тілдері күніне орай және ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында 8В сынып оқушыларымен «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға тілдің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызын түсіндіру, ана тілін құрметтеуге, өзге тілдерді сыйлауға, көпұлтты еліміздегі достық пен бірлікті нығайтуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ тілі мен ұлттық ағартуға қосқан өлшеусіз үлесі туралы мағлұмат алып, тілге қатысты мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтып, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындады.
Тіл – халықтың рухы. Бір-біріміздің тілімізді құрметтеу – достық пен ынтымақтың берік негізі!