Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Дата: 2026-06-03 11:53:22
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
«Алаштың Әлиханы» салған сара жолмен, елге қызмет ету мұратымен тәрбиеленген шәкірттеріміз бүгін алтын ұясынан ұшқалы тұр. 11 жыл бойы алған терең білім мен тағылымды тәрбие бұл жастарды үлкен белестерге жетелейтініне сеніміміз кәміл.
​Қымбатты «Әлихан түлектері»!
 
Ұлтқа қызмет етудің биік үлгісін көрсеткен ұлы тұлғаның атына кір келтірмей, еліміздің тұтқасы болар білікті маман, саналы азамат атануларыңызға тілектеспіз. Алдағы ҰБТ сынағында жоғары нәтиже көрсетіп, грант иегері атануларыңызға ниеттеспіз!
​Жолдарың ақ, қадамдарың сәтті болсын, Алаштың айбынды жастары!