Білімім – Отаныма!
4, 8-10 сынып оқушыларына арналған оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы салтанатты саптық жиын өтті.
Шараның мақсаты — өскелең ұрпақты патриотизм, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу және Халықтық Конституцияның маңыздылығын кеңінен насихаттау, заң мен тәртіпті нығайту болып табылады.
Мектеп-лицей директоры А.Т. Токейбекова оқу жылының табысты аяқталуымен барша оқушыларды құттықтап, озат және үздік оқушыларды марапаттады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық беру қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, адами капитал, білім, ғылым және инновацияны дамыту Халықтық Конституцияда айқындалған стратегиялық бағыттар ретінде дәріптелді.
Біздің білім ордамызда өткен бұл шара, болашақта елін сүйетін, жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуге ұмтылысымызды көрсетеді.