Жеңіс құтты болсын!

Дата: 2026-05-18 10:25:47
Жеңіс құтты болсын!
 
 
Мектеп-лицейіміздің 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Жас жол инспекторы» командасы қаламыздағы 12 мектептің арасынан оза шығып, жүлделі ІІ орынды иеленді! 
 
Слеттің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жол жүру ережелерін насихаттау болса, біздің оқушылар осы бағыттағы білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
 
Команда мүшелері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын — жауапкершілік, тәртіп, сыйластық, патриотизм және қауіпсіз қоғам қалыптастыру идеяларын насихаттап, өздерінің ұйымшылдығы мен білімдерін дәлелдеді.
 
Осындай жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымызға алғыс білдіреміз! Мектебіміздің абыройын асқақтатып, белсенділік пен білімнің үлгісін танытқан жас инспекторларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 
 
Жас инспекторларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!