«Отбасы сағаты»
Дата: 2026-05-18 10:18:31
Cағат 18:00-де «Отбасы сағаты» жобасы аясында Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының қатысуымен Қарағанды қаласының Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің акт залында онлайн-режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа мектеп-лицейінен 90 ата-ана мен мектеп-лицей ұстаздары қатысты.
Жиналыс онлайн форматта ұйымдастырылып, ата-аналарға бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары, қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды.
Мектеп-лицей ұжымы ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмысты одан әрі жалғастырады.