Размер шрифта:

ГҮЛЗАР FEST XVIII: МЕКТЕП АУЛАСЫ ҚҰЛПЫРУДА!

Дата: 2026-05-18 09:53:57
ГҮЛЗАР FEST XVIII: МЕКТЕП АУЛАСЫ ҚҰЛПЫРУДА!
 
Мектеп-лицейіміздің игі дәстүріне айналған «Гүлзар FEST XVIII» фестивалі аясында 1 «Ә» сынып оқушылары мен ата-аналары айрықша белсенділік танытты.
Мақсаты: Табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, мектеп ауласын гүлдендіру арқылы оқушыларды еңбекке және әсемдікке баулу.
Мектеп ауласына біржылдық барқытгүл (бархатцы) мен бақытгүлі (хризантема) және Қоңыраугүлі отырғызылды
 
Бұл шара сонымен қатар еліміздегі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Гүл егу — тек еңбек емес, ол тазалыққа, әдемілікке және жауапкершілікке тәрбиелеудің бір жолы.