Размер шрифта:

Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары байқауы

Дата: 2026-05-13 10:27:51
Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары байқауы
8 мамыр күні 8–11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсы және 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектеп-лицейішілік кезеңі өтті.
 
Байқау барысында оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Конкурс жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ өз ойларын еркін жеткізіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.