Размер шрифта:

Балқаш жауынгерлерінің ерлігі

Дата: 2026-05-13 10:15:01
Балқаш жауынгерлерінің ерлігі
Нұркен Әбдіров- Сарыарқаның сұңқары атанған жерлесіміз, екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы, батыр ұшқыш. Оның ерлігі Отанға деген шексіз махаббат пен қайтпас қайсарлықтың үлгісі.
Маңызды деректер:
Туған жылы: 1919 жыл,9 тамыз.
Туған жері: Қарағанды
облысы, Қарқаралы ауданы
(қазіргі Ақтоғай ауданы Нұркен ауылы)
Мамандығы: Қарағанды аэроклубында оқып, Орынбор авиация училищесін бітіреді.
Әскери қызметі: 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкінде ұшқыш-штурмовик болды.
Аңызға айналған ерлігі: 1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбіндегі шайқаста
Нұркен Әбдіров өзінің 17-ші жауынгерлік тапсырмасын орындауға шығады. Әуеде
жаудың бірнеше техникасын жойып үлгергенде, оның «Ил-2» ұшағына оқ тиіп, өртене бастайды. Нұркен жау қолына
түспеуді ұйғарып, лаулаған ұшағын фашистердің танкілері мен жанармай цистерналары шоғырланған жерге бағыттап, қаһармандықпен қаза табады. ‎ ‎
Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды, жас ұрпаққа үлгі. ‎ ‎
7 ”А” сынып оқушысы Кендебай Каусар