«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі»

Дата: 2026-05-13 09:43:15
«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі»
Мектеп-лицейімізде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты саптық жиын өтті.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, елін қорғаған батырлардың ерлігін ұлықтау және ардагерлерге құрмет көрсету.
Саптық жиында оқушылар Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқып, әсерлі әндер орындап, батырлар ерлігі туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы қаһарман тұлғалар еске алынып, олардың ел үшін жасаған ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.
 
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды, батырлар есімі мәңгі жүрегімізде!»
Баршаңызға бейбіт өмір, ашық аспан және амандық тілейміз!