Ұлы жеңіс -ұрпаққа аманат

Дата: 2026-05-12 12:31:28
Ұлы жеңіс -ұрпаққа аманат

Оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, Ұлы Жеңістің маңызын түсіндіру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханасында «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырылды. Оқушыларға соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлық, майдан мен тылдағы халықтың қажырлы еңбегі туралы кеңінен мәлімет берілді. Қазақстандық батырлардың өмір жолы мен ерлігі үлгі ретінде таныстырылып, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қаһармандардың есімдері ерекше аталып өтті.
6 «А» сынып оқушылары К.Ерланқызы, А.Мүсілім, Е.Әділғазы, Н.Аханов,М. Қайдар, Б.Жүніс, А.Есим патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, өз ойларын ортаға салды, тарихи деректермен танысып, тақырыпқа байланысты 6 «Ә» сынып оқушылары А.Утегенова, Р.Тұрсынбек, А.Зекенай сұрақ-жауап бөлімін ұйымдастырды. Іс-шара аясындағы кітап көрмесіне соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты баяндайтын көркем әдебиеттер, деректі шығармалар, естеліктер мен тарихи зерттеулер қойылды. Оқырмандар назарына қазақстандық батырлар туралы мәліметтер, майдангерлердің өмір жолы мен олардың Отан үшін жасаған ерліктері ұсынылдысоғыс тақырыбындағы әдебиеттер