«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
Дата: 2026-05-05 16:19:55
7 «Б» сыныбында «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар бес топқа бөлініп, әр топқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізді.
Әр топ жазғы демалыс кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін талқылап, өз ойларын постер арқылы қорғады. Атап айтқанда, судағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, табиғат аясындағы тәртіп, сондай-ақ күннен қорғану және жеке қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, тақырыпты жан-жақты ашты. Сабақ барысында түрлі жағдаяттық тапсырмалар беріліп, қауіпсіздік ережелерін өмірде қолдану жолдары талқыланды.