«Шабыт»
Дата: 2026-05-05 16:14:53
”Әлихан Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицей” КММ-нің “Шабыт” домбыра үйірмесінің мүшелері “Күй-Тәңірдің күбірі” атты есеп беру концертін өткізді.
Оқушылар халық күйлері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Т. Момбеков, Ә. Желдібаев және қазіргі заманның композиторларының күйлерін оркестр мен солисттер орындады. Концертке ата-аналар, мектеп ұжымы, оқушылар және қаламыздың “Өнер мектебінің” ұстаздары қонақ болып, өнерпаздардың өнерін тамашалады.
Концерт соңында үйірменің барлық домбырашыларын мадақтамамен мадақталып, ата-аналарға алғыс хат берілді.
“Шабыт” домбыра үйірмесінің жетекшісі: Кажикаримова Айгерим Ержановна