АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Дата: 2026-05-05 15:52:54
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына, соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты келесі маңызды талаптарды хабарлайды:
Мұғалімдерге сыйлық ұсынуға және қаражат жинауға тыйым салынады;
Аниматорлар мен түрлі мерекелік агенттіктерді тартуға рұқсат етілмейді;
Автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға, ойын-сауық орындарына баруға болмайды;
Мерекелік дастархан, банкет өткізуге тыйым салынады;
Оқушылар мектеп формасын сақтап, қоғамдық тәртіпті ұстануы тиіс.
Аталған талаптар 4, 9 және 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін міндетті.
Бұл шектеулер әділдік қағидаларын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілді.
Құрметті ата-аналар!
Балаларымызға үлгі бола отырып, талаптарды бірге сақтайық. Бұл кезеңді қауіпсіз әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өткізу – ортақ жауапкершілігіміз.
Құрметпен,
мектеп директоры А.Т. Токейбекова