Размер шрифта:

Мұғалім – оқушыларға психологиялық қолдау көрсететін және қолайлы білім беру ортасын жасайтын адам.

Дата: 2026-05-05 15:31:08
Мұғалім – оқушыларға психологиялық қолдау көрсететін және қолайлы білім беру ортасын жасайтын адам.
Мектеп-лицейімізде «Инклюзивті оқушысы бар сыныптағы мұғалімнің рөлі» және «Инклюзивті оқушыларға арналған психологиялық ойындар» тақырыптарында мұғалімдердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
 
Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеуде мұғалімнің кәсіби рөлін айқындау, педагогтердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету және психологиялық қолдау көрсету әдістерін жетілдіру. Дөңгелек үстел барысында инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің қызметі жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар мұғалімнің білім берумен қатар, оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуші, қолайлы білім беру ортасын қалыптастырушы тұлға екендігін атап өтті. Сондай-ақ сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылар арасында өзара құрмет пен түсіністікті дамыту мәселелері талқыланды. «Инклюзивті оқушыларға арналған психологиялық ойындар» тақырыбы аясында педагогтер түрлі ойын түрлерін ұсынып, олардың оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпалы қарастырылды. Практикалық тәжірибелермен алмасу жүзеге асырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыруда мұғалімдердің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру ұсынылды.