Размер шрифта:

Іс-шаралардың соңғы кезеңі

Дата: 2026-05-05 15:12:08
Іс-шаралардың соңғы кезеңі

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік тұжырымдамасы аясында «Балалар әдебиетінен – білім мен ғылымға» тақырыбында өткізілген іс-шаралардың қорытынды кезеңіне – «Үздіктер шеруі» өтті. Аталған шараның басты мақсаты – онкүндік барысында белсенділік танытқан оқушыларды, кітап оқуға деген қызығушылығы жоғары жас оқырмандарды, шығармашылық қабілетімен ерекшеленген қатысушыларды марапаттау, сондай-ақ балалар әдебиетінің тәрбиелік маңызын дәріптеу болды.
«Яссауидің рухани мұрасы» атты виртуалды кітап көрмесі, «Журнал оқып, ойыңды дамыт» шеберлік сағаты, «Гаджет пен рухани даму» пікірталас, «Қазіргі қазақ балалар жазушылары» әдеби кездесу, «Мен және цифрлық әлем» кітап оқу челленджі, «Ертегілер еліне саяхат» сахналық қойылым, «Журнал оқып, ойыңды дамыт» шеберлік сағаты, «Өз комиксіңді жаса» сурет көрмесі сияқты танымдық және шығармашылық іс-шаралар өз деңгейінде өтіп, қатысушылардың жетістіктері саптық жиында аталып, арнайы марапаттарға ие болды.