«Кітап әлеміне саяхат» атты квест ойыны

Дата: 2026-05-05 12:15:59
«Кітап әлеміне саяхат» атты квест ойыны
Мектебімізде «Кітап әлеміне саяхат» атты қызықты квест ойыны өтті!
 
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар өздері оқыған кітаптарының кейіпкерлері мен сюжеттері бойынша түрлі тапсырмалар орындап, білімдерін сынға салды.
 
Квест барысында қатысушылар әдеби әлемге еніп, кейіпкерлердің рөлін сезініп, логикалық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр бекетте оқушыларды қызықты сұрақтар мен тапсырмалар күтіп тұрды.
 
Балалар белсенділік танытып, топпен жұмыс жасап, өзара ұйымшылдық пен тапқырлықтарын дәлелдей алды.
 
Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлкен үлес қосады.
 
Ұйымдастырушылар:
Кабдиманова А.,
Қасқатай Н.Қ.,
Карина Г.Т.,
Тайжанова Қ.Б.