Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы
Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында мектеп кітапханасында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Өз комиксіңді жаса» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, олардың қиялын ұштау, оқыған шығармаларын сурет арқылы жеткізе білуге баулу және комикс жанры арқылы өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік беру.
Ғалы Раяна 5«А», Мекәділ Ерасыл «8А», Маратбекова Зере 5 «А», Серік Сабина 9 Б, Мұхтар Інжу 5 «А», Жақсыбергенова Балжан 7 «Б», Кусаинова Наргиз 5 «Б», Нұржаубай Нұрайым 5 «Б» өздері ойлап тапқан кейіпкерлері мен қызықты оқиғаларын қағаз бетіне түсіріп, қызықты комикстер ұсынды.
Әрбір жұмыс оқушының шығармашылығы мен дүниетанымын айқын көрсетіп, көрермендер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.Көрме оқушылардың тек сурет салу қабілетін ғана емес, сондай-ақ оқиға құрастыру, кейіпкер бейнесін ашу және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға зор ықпал етті.