Жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру
Дата: 2026-05-05 11:18:22
Қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан өмірі мен қызметін кеңінен таныстыру, оның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін дәріптеу мақсатында С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Ұлттық кітап күніне орай «Әлихан еңбегі және өнегесі» тақырыбында тарихи сағат өтті.
Тарихи сағат барысында оқырмандарға Әлихан Бөкейханның саяси қызметі, ағартушылық бағыттағы еңбектері, сондай-ақ Алаш қозғалысы аясындағы рөлі туралы мазмұнды мәліметтер берілді.
Мектеп-лицейінің кітапхана кеңесінің мүшелері 9 «Ә» сынып оқушысы Анишева Еркеназ, 6 “А” сыныбынан Ерланқызы Кәусар, 4 «Б» сыныбынан Рымхан Әмір Әлихан Бөкейхановқа арналған шығармаларды мәнерлеп жеткізе білді
Тарихи -танымдық сағат жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, елжандылық рухын қалыптастыруға ықпал етті.