Размер шрифта:

Мейірімділік, адалдық және достық

Дата: 2026-05-05 11:04:35
Мейірімділік, адалдық және достық
Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың қиялын дамыту, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу мақсатында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында 3-сынып оқушылары: Өмірғалы Нұралина, Ғалымқызы Диляра, Абас Аяла, Калашбаева Жұлдызай, Жумагалиева Айша, Алтынбек Әбілмансұр, Кәрібай Қажыкелдінің қатысуымен мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор «Ертегілер еліне саяхат» айдарымен «Шалқан» ертегісіне арналған сахналық қойылым қойылды.
Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдай отырып, актерлік қабілеттерін көрсетті, сахна мәдениетін меңгерді. Әрбір көрініс көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ізгілік, адалдық, достық секілді құндылықтарды насихаттады. Осындай тәрбиелік мәні бар қойылымдар арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесі байып, кітап оқуға деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.